Көркем мен Еркем деген жасаған бергендер екен тәттілер!😍❤️ Бәріңіздің шаңырақтарыңызға осындай тәттілер бұйырсын!Тіл көз тасқа,балапандарымыз ауырмасын томпиып еркелеп осылай жүре берсін! @marzhan0880 Балапандарыңыз ғұмырлы болсын!бізге жұғысты болсын!💥🔥 #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻

Азулы асаба Ардақ бауырымның ақ тілегі Тараз өлкесінің талантты азаматы!Аман жүрші барлық жақсылықты тіледім!Алла разы болсын!😎✋🏻 @ardak_tamada_kulan Менде пысық жігітпін ғой Алматыға шығып бара жатқанда қайын жұртқа барып демалып ар қарай кетем!😂🔥 Аман болыңыздар тілекшілерім менің! #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #ұзатутараз

  • Advertisements
  • Ұрса бермеңдерші ей сиіп қойса не болыпты жәнім жәнім!😍❤️💋

    Ата-ана деген мен үшін ерекше ұғым.Анамның айтқан асыл сөздері менің құлағымда өшпес шырақ секілді.Қашанда " әкеңмен ақылдас","әкең біледі" "әкеңнің айтқанын істе" деген сөздерді құлағыма құйып өсіргендіктен менің әкеге деген құрметім ерекше.Қазір ойлап қарасам, ол анамыздың көрегендігі, бізге берген тағылымды тәрбиесі екен.Алланың қалаумен ақ келінді отбасымызға қондырдық алыс-жақыннан ағылып келген жақындардың саны 670-тен асып стол қосумен басталып кетті!😍❤️ Осындай дүркіретіп жасап берген сіздерге басымды ием!Осы балам бір басын екеу қылса деп күні түні дұға етіп жүрген ақ жүректеріңізден айналдым! Аллаһ Тағаланың жалғыздығына иман келтіру ісінен кейін ата-ананы екінші орынға қойған. «Аллаһ Тағалаға құлшылық етіп, құлшылықтарыңда оған ешнәрсені ортақ етпеңдер!Әрі ата-анаға жақсылық істеңдер!» Ата-аналарымыз аман болсын!Дүниедегі асыл атаулының бәрі күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды!Күндей күлімдеп,ата-аналарымызды қуантып жүрейік! #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #атаанам❤️ #отбасымбайлығым❤️

  • Advertisements
  • Сүйкімді құрбыларыңды белгілеш ал!😂😂😂😂😂 Әлі күліп отырмын мықты реклама жасады кім болсада!💥😂

    Жаны сұлу жанның тәні сұлу дегенді өмірлік қағида еткен жандардың қатарынанмын.Шымқаланың құшағын жайып қарсы алатын қасиеті осындай кеңпейіл қонақ күте білетінінде!Жеңгемізді ала келіңіз деп xабарласқанда кіріп шығалмай тұра алмадық.Кофесімен тәтті дәмдісімен,жүректі ғұмырымды гүл қылып жіберді!Біз болсақ бас жуып,иіс су сепсек красавчик көрініп мәз болып жүре береміз ғо,қыздардың жыры көп екен!😍😂Сапалы әрі,өз істерінің кәсібін білек сыбана атқаратын алтын қыздарға алғысым шексіз!Келіншегім шәй дайындап,от жағып,тамақ істеп,күнделікті күйбек тіршілікке кіріп кетсе де,бір жағынан болысып салонға апарып көмектесіп қойған түрім ғой!😍Алла отбасыларыңызға береке берсін!Тек жақсылықтар тіледім! @cosmetology_gc @cosmetology_gc #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #жүректіғұмыр❤️

    Шымкентке келіп шырайлы болып қалдық,арнайы қонақ ретінде шақырып сыйлығын аямаған @mens_shop_shymkent13 ұжымына алғысым шексіз!Алла кәсіптеріңізге береке берсін!Ең үздік сапалы киімдер осы жерде екені тайға таңба басқандай көрініп ақ тұр!Маған бірден ұнады алдағы күндері,ат басын бұрып тағы да келіп қалам ау!🔥😎✋🏻 @mens_shop_shymkent13 @mens_shop_shymkent13 @mens_shop_shymkent13 тіркелейік тапсырыс берейік! #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #киімдерзыңдим🔥✋🏻

  • Advertisements
  • Жүрегімнің жылуы,көңілімнің шуағы болған маңдайыма мең болып,тағдырыма таспа болып жазылған жан жарым бұл асыл сөздерім саған арналмақ.Маған қанша ғұмыр берілгені Аллаға ғана аян,сол жүректі ғұмырымның жыры,сезімімнің себепкері болған аманатым аман жүр.Түйме екеш түймені түсіріп алса іздейміз,өз отбасыңнан басқа бір әулетке ұзатылып кетіп бара жатқанда туған туыстарыңмен ата-анаңның сағынышқа толы көздері мен бақыт тілеген ақ жүрегін сездім!Үйге келгенде ақ ата-анаммен бұрыннан таныс адамдарша күліп сөйлесіп,ас суын әзірлеп жатқанда шексіз бақытты екенімді сезіндім!Менің жанымда осылай нұрға толы дидарыңмен,көңілімді күн шуаққа бөлеп жүре берші тәттім!Қабағыңнан қылығыңды,көзіңнен шынайы бақытты сезу үшін,сан тарау жолдардың өзі маған ақ жол тілеп тұрғандай.Отбасы болу бір бақыт екенін тағы да айтқым келеді!Сені күлдіріп,маxаббатқа мас қылудан шаршамайтын асыл жарың Нұрсұлтан!Сіздерге де осындай тәтті маxаббат тіледім!😍❤️ Нұрсұлтан Фариза #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #жүректіғұмыр❤️

    Халықаралық квн күнімен шын жүректен құттықтаймын!🔥😎✋🏻

    Бақытты сәттерді ешқашан күтпеңіз өзіңіз жасауға тырысыңыз,әрбір атқан таң мен күнді күліп шығарып салып күтіп алатын жандар ғана жүректің тыныштығын сезе алады!😍❤️Біздің осы бір шақтарымыздың куәсін түсірген @yqylas_tursynbek ініме алғысымыз шексіз! Толық көргіңіз келсе @yqylasfilms тіркеліп көре аласыздар! #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #жүректіғұмыр❤️

    Қайырлы түн!😎✋🏻

    Аллаға шүкір!Алыстан келіп арқа жарқа етіп кеткен алтын жақындарыма,көлдей көңілді тілектеріңізге мың алғыс!Отбасы болу бір бақыт екен,басында сезіне қоймадым,мешітке барып некемізді қиған кезде үлкен жауапкершілік алғанымды сезіндім!Енді біз енді бір мемлекетпіз,бір отбасы,бұрында мен,мен деп жүретін едім,енді біз деген үлкен ұғымды жүрегімізге қондырдық!Әке шешем мәз-мейрам үйде күліп отырып,мамаммен ананы мыныны айтып күліп отырғанда шын бақыт осы екен ау дедім! Алдымен айтылатын нәрсе, ақ неке қиып, үй болу – пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу ғәлейһи уәсәллам ) сүннеті, үйленуге шамасы жеткендер үшін дініміздің әмірі. Хадис шәрифтердың бірінде: «Үйлену – менің сүннетім.» десе, басқа бір хадисте: «Үйленіңдер, көбейіңдер, мен сендердің көптіктеріңмен қиямет күні басқа үмбеттерге мақтанамын» - деп бойдақтарды үй болуға шақырған. Осының өзі бұл әрекеттің шариғаттағы орасан орнын байқатады.Алла отбасыларыңызға бақ береке берсін!Бойдақ жандарға жұғысты болсын!😍❤️🤵👰🏻 Керемет суреттерді түсірген @photos_galym ініме раxмет!Алла разы болсын!💥✋🏻 #жақсыгеннұрсұлтан🇰🇿😊✊🏻 #жүректіғұмыр❤️

    200 Followers